ОмГМУ-ң ұйымдастыруымен өткен «Новые идеи» халықаралық  сыныптан тыс әдістемелік әзірлеме байқауына колледж оқытушылары қатысып: Б.Б.Блейменова I Дәрежелі Дипломмен, Л.К.Мейрманова, С.Г.Бибосынова, Э.Б.Бердалиева қатысушы Сертификатын иеленді.

«Томск медициналық колледжі» облыстық мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесі. Медициналық бейіндегі кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Твоя жизнь-твой выбор!» атты VI аймақаралық санитарлық-ағарту жұмыстары байқауына колледждің 306М-9/19 топ студенті Ф.Н.Амантаева қатысып I Дәрежелі Дипломға ие болды. Жетекшілері: Б.А.Қырықбаева, А.С.Атамбаева.

Томск медициналық колледжі» облыстық мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесі. Ресей ғылымы күніне арналған VII аймақаралық ғылыми-тәжірибелік студенттік конференцияға колледждің 115СД-9/21 топ студенті Н.Саварқұл, «Тараздың экологиялық мәселесі. Фосфогипс» тақырыбы бойынша қатысып, II   Дәрежелі Дипломмен марапатталды.   Жетекшілері: Е.С. Бақыт, Б.А. Сағындықова. Студент: Е.С. Бақыт.

Орта кәсіптік медициналық білім беру жүйесіндегі жұмысшылардың Сібір аймақаралық бірлестігі. Облыстық мемлекеттік бюджеттік «Тулун медициналық колледжі» кәсіптік білім беру мекемесі. Сібір федералды округінің медициналық және фармацевтикалық білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткізілген онлайн олимпиадаға колледждің 412 топ студенті Р.М.Колназарова қатысып III Дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Б.С.Мадимарова.

«Томск медициналық колледжі» облыстық мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесі. Сібір федералды округінің медициналық бейіндегі кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Твоя жизнь – твой выбор!» атты VI аймақаралық санитарлық-ағарту жұмыстары байқауына Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 226Ф-11/20 топ студенттері Д.В.Сытина, Н.Р.Айдинова қатысып Сертификатқа ие болды. Жетекшілері: А.Е.Тұрта, Ж.Р. Алтынбекова.

Омск облысының бюджеттік кәсіптік оқу мекемесі

«Медициналық колледжі». Салауатты өмір салтын ұстануға арналған, өңіраралық ақпараттық байқауға колледждің 108СД-9/21топ студенттері В.Бесарабчик, М.Могильная қатысып, II Дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Жетекшісі: А.Е.Исмаилова.

«Томск медициналық колледжі» облыстық мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесі. Ресей ғылымы күніне арналған VII аймақаралық ғылыми-тәжірибелік студенттік конференция. «Рационалды, құнарлы тамақтану және тамақтану режимі.»  тақырыбы бойынша колледж студенті Н.Ж.Сейдеш қатысып,  Сертификатқа ие болды. Жетекшісі: Буксукбаева А.Б.

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы. Президент Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын жастардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Қазақстанның үздік магистрі» атты республикалық байқауына колледж оқытушысы Ұ.Е. Дүйсембаева қатысып, жүлделі I Дәрежелі Дипломмен марапатталды.

«Bilim-orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы. Президент Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты бағдарламалық мақаласын жастардың арасында кеңінен насихаттау мақсатында өткен «Тәуелсіздік киелі ұғым» байқауына колледж оқытушысы Г.Б.Таңат қатысып, II Дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Республикалық педагогикалық конкурс. «Ашық сабақ-2021» байқауына колледж оқытушысы Г.Б.Таңат қатысып, жүлделі I орынға ие болды.

«Томск медициналық колледжі» облыстық мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесі. Ресей ғылымы күніне арналған VII аймақаралық ғылыми-тәжірибелік студенттік конференцияға колледж студенті Бауыржанұлы Асылжан қатысып, Сертификатқа ие болды. Жетекшісі: Г.Қ.Сарыбаева.

Орта кәсіптік медициналық білім беру жүйесі қызметкерлерінің Сібір аймақаралық бірлестігі. Аймақаралықзерттеуконференциясына, «Наука. Жизнь. Современность «тақырыбы бойынша колледж студенті А.Сокуренко қатысып, Сертификатқа ие болды. Жетекшісі: С.Г.Бибосынова.

«Be Clever» Халықаралық дамыту орталығы. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 126ЛФ-9/21 топ студенті П. Мулладжанова қатысып, 1 орынға ие болды. Орыс тілі пәнінен VI Халықаралық олимпиадаға қатысып, жүлделі орынға ие болып, Диплом мен Сертификпен  марапатталды.   Жетекшісі: К.Ж.Байбосынова.

«Халықаралық пән аралық олимпиадасына, «Орыс тілі және орыс әдебиеті» пәні бойынша колледждің 126 топ студенті У. Воропаева, 124 топ студенттері Д.Шарипова,  А.Смаилова  қатысып, жүлделі I орындарға  ие болып,  Дипломдармен марапатталды.     Жетекшілері: Л.К.Мейрманова, К.Ж.Байбосынова, А.О.Бейсенбаева.

Томск медициналық колледжі» облыстық мемлекеттік бюджеттік кәсіптік білім беру мекемесі. Ресей ғылымы күніне арналған VI аймақаралық ғылыми-практикалық студенттік конференциясы. «Актуальные технологий. В профессиональной деятельности среднего медицинского работника“ тақырыбы бойынша колледж студенті К.Р.Танкишева III Дәрежелі Дипломмен марапатталды. Жетекшілері: Б.М.Маршова, Н.Ж.Чайжанова.

Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы. Жамбыл жоғары медициналық колледжінің 214 топ студенті Қайырбаев Арман Ғабитұлы К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясындағы азаматтық белсенділігімен киелі сахна төрінде қазақ өнерін насихаттап, цирк жанрына зор үлес қосып жүргені үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Сондай ақ, колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова білім мен ғылым жолында белсенді шәкірттер тәрбиелеп, оларды  өнерге баулуға зор үлес қосқаны  үшін Алғыс хатпен марапатталды.

Ұлттық қауымдастық »Primary Health Care». Алғашқы Медициналық Әлеуметтік Көмекті дамытып халық денсаулығына ерекше құнды үлес қосқаны үшін Жамбыл жоғары медициналық колледжінің директорыЖ.Н. Сарыбекова «Ардақ» орденімен марапатталды.

«Primary Health Care» Ұлттық қауымдастық орталығы.Тәуелсіздіктің 30 жылдығынаорай, Жамбыл облысы көлемінде «Үздік тәжірибелер орталығының» дамуынаүлес қосқаны үшін, әлемге үлгілі болуға лайықты модельдердің бірі ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен танылуына жасаған еңбегі үшін колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова, «Мейіргер ісі бөлімінің» меңгерушісі Ұ.Е. Дүйсембаева Алғыс хатпен марапатталды.

ҚР денсаулық сақтау министрлігі. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай денсаулық сақтау саласындағы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін колледж оқытушысы Ж.Б.Иманбекова Құрмет грамотасымен марапатталды.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай азаматтардың денсаулығын сақтау ісіне қосқан жеке үлесі мен мінсіз адал еңбегі үшін колледж оқытушысы Л.Қ.Батаева Алғыс хатпен марапатталды.

Облыстық денсаулық сақтау саласына қосқан қомақты үлесі және 12 мамыр – Халықаралық мейіргер күніне орай Жамбыл жоғары медициналық колледжінің бөлім меңгерушісі С.Г.Бибосынова Жамбыл облысы әкімінің Құрмет Грамотасымен, әдіскер А.Қ.Коконбаева Алғыс хатпен марапатталды.

Басқару, қауіпсіздік және арнайы бағдарламалар академиясы. Лауазымдық міндеттерін жоғары жауапкершілікпен орындағаны және білім беру ұйымдарында әскери-патриоттық жұмыстарды ұйымдастырғаны үшін колледж оқытушысы Р.Б.Усенов Алғыс хатпен марапатталды.

Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қызметін рейтингтік талдау нәтижелері туралы куәлік. «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК

«ЛИДЕР ОТРАСЛИ 2021» құрметті атақпен марапатталды. Куәлік рейтингтегі тұрақты орнын растайды. Орасан жетістіктерге бірнеше рет қол жеткізгені, саладағы көшбасшылық тұрақтылығы, қызметтегі маңызды нәтижелері және Қазақстан экономикасына қосқан елеулі үлесі үшін, Жамбыл жоғары медициналық колледжі Қазақстан Республикасының 100-үздік мемлекеттік кәсіпорындарының қатарына енді.

24.09.2021ж. Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен Жамбыл жоғары медициналық колледжі бірлесіп, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына» орай техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері арасында «WorldSkills Jamdyl-2021» облыстық «Медициналық және әлеуметтік күтім» құзіреттілігі бойынша чемпионатын ұйымдастырды. Чемпионатқа Жамбыл жоғары медициналық колледж студенттері мен «Тараз-Болашақ» жоғары медициналық колледж студенттері қатысты. Жүлделі I орынға Жамбыл жоғары медициналық колледжінің «Мейіргер ісі» бөлімі, 404 топ студенті М.Е.Лесқалиев, II орынға «Мейіргер ісі» бөлімі, 401 топ студенті Н.Н.Қалдыбаева, III орынға «Тараз-Болашақ» колледжінің студенті Е.Молдабай ие болып, Дипломдармен марапатталды.