2022 жылдың 16 тамызында Тараз қаласында  білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумы шеңберінде «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында панельдік секция өтті

2022 жылдың 16 тамызында Тараз қаласында  білім беру көшбасшыларының республикалық тамыз форумы шеңберінде «Еңбек нарығы және кәсіптік білім: жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында панельдік секция өтті. Секцияның мақсаты  мемлекеттік білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың 2022-2023 оқу жылына арналған негізгі бағыттарын айқындау, кадрлар даярлау мәселелері бойынша білім берудің бизнеспен және өндіріспен тиімді өзара іс-қимыл жасау тәжірибесін қарау болды. Панельдік секцияға ҚР Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Оспанова Насымжан Жамбековна  конференция қатысушыларын ТжКББ жүйесін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясат шараларымен таныстырды. Панельдік секцияға келген Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан облыстарының және Алматы, Шымкент қалаларының  медициналық колледж басшылары, әдіскерлері, педагогтары  Жамбыл жоғары медициналық колледжінің материалдық-техникалық базасымен танысып, озық іс- тәжірибесімен алмасты.