2021 жылдың мамыр айында өткізілген кәсіптік бағыт-бағдар беру жұмыстары туралы анықтама

11.05.2021 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Жалпы медицина мамандығы бойынша 5 курс студенттері Лес А.Т., Мукашева Н.Ж., Аршынбек І.М., Даниял М.Ғ., Онласынов Е.Д. Тараз қаласы мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына Кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуді жоспарлау мақсатында Жамбыл жоғары медициналық колледжі директоры Жамиля Нургалиевна Сарыбекова және директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Л.Т.Қуанышбековамен кездесті. Кездесу барысында екі тарап пікір алмасып, кәсіптік бағдар беру жұмысының аясында мектеп және колледж түлектеріне арналған кәсіптік бағдар беру бағдарламасын, оның ішінде бейнероликтер, брошюралар, слайд-презентациялар дайындалғанын атап өтті. Колледж директоры белсенді студенттерді Жамбыл жоғары медициналық колледжінің А және Б корпусымен таныстырып, құрылымын көрсетті. Студенттер колледжіміздің заманауи медициналық, симуляциялық құрылғылар мен ақпараттық-технологиялық құрал-жабдықтармен жабдықталғанын, оқу үрдісінің аралас, қашықтықтан оқыту форматы жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын айтты. Кәсіптік бағдар беру жұмысының аясында Жамбыл жоғары медициналық колледжі оқытушылары Токташева Ж.А., Жұбатхан Е.А.,Нурмашев Н.М.,Серік С.Н., Баетова Ә.Қ., Қалданова Н.Б. және  С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ белсенді студенттерімен бірлесе, 12.05.2021 ж.- 15.05.2021 ж.аралығында барлығы 12 мектеп: №23 орта мектебі, №3 мектеп-лицей, №49 мектеп-гимназия, №25 орта мектебі, №45 орта мектебі, №48 орта мектебі, №23 орта мектебі, №54 орта мектебі, №15 орта мектебі, №38 орта мектебі, №30 мектеп-гимназия, Тараз техникалық-шығармашылық орталығының 9-11 сынып оқушылары, 2  колледж: «Жамбыл жоғары медициналық колледжі», «Болашақ жоғары медициналық колледжі» 4 курс түлектерімен онлайн және офлайн форматта кездесулер ұйымдастырылды. Оқушыларға университет және колледжде оқытылатын мамандықтар, оқу үрдісінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, оқуға түсу талаптары таныстырылып, бейнероликтер көрсетілді, ақпараттық брошюралар таратылды. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға толық жауап ала алды. Офлайн форматта ұйымдастырылған кездесулер санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуымен өткізілді.