КМҚК «Жамбыл медициналық колледжі» кәсіптік бағдар беру маманы Артықова Л.А. және «№3 арнайы пәндер» циклдік-әдістемелік комиссиясының мүшелерімен бірлесе Жамбыл облысы Жамбыл ауданы мектептерінде кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді.

Жоспарлы түрде ақпанның 20 күні Тараз қаласын аралап, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді. Іс-шараға кәсіптік бағдар беру маманы Артықова Л. мен «№3 арнайы пәндер» циклдік-әдістемелік комиссиясының мүшелері қатысты. Олар №49 мектеп лицей, №48 орта мектеп, №51 орта мектеп, №45 мектеп лицей, №5 мектеп лицей акт залдарында 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді.

 

Оқушыларға колледж тарихы, жетістіктері, мамандықтары,2019 жылдан бастап «Жоғарғы Жамбыл медициналық колледжі» статусын алғаны жөнінде, жаңадан «Мейіргер ісі» бойынша «Қолданбалы бакалавр» мамандығы ашылғаны жөнініде ақпарат  берілді. Колледж жайлы қысқаша бейнеролик көрсетілді. Аймақтық симуляциялық орталықтың тренер-оқытушысы Кудебаева Эльмира Жандарбекқызы  мамандыққа қызығушылығын арттыру мақсатында «Қан тоқтату», оқытушы Оңғарбаева Айнұр Сағындыққызы «Естен тану» және оқытушы Токкулиева Гүлнар Сарсенбекқызы «Жабық жарақат»  тақырыбында алғашқы көмек көрсету дағдыларын көрсетті.

 

Іс шараның мақсат міндеттері: оқушыларға болашақ мамандық және кәсіби бағдарын таңдауға көмектесу, медицина мамандығы және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту. Оқушылардың алдағы уакытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру.

 

Оқушылар медицина мамандарының жұмысы қаншалықты қызықты әрі жауапты екенін сезініп, қызығушылықтарын танытты. Соңында оқушыларға колледждегі мамандықтар туралы кағаздар  таратылды.

 

Жалпы қала бойынша кәсіби бағдар беру жұмысына 5 орта мектептен 9-11 сыныптан 610 оқушы қатысты.