15 маусым- Медицина қызметкерлерінің кәсіптік мерекесі

17.06.2017 ж. №2 Жалпы білім беру және жалпы ізгілендіру пәндері ЦӘК оқытушыларының ұйымдастыруымен медицина күніне орай  «Медицина кәсібі – адамгершілік асылы»  атты тақырыпта салтанатты кеш өтті. Салтанатты жиынды колледж директоры Ж.Н.Сарыбекова ұжымды кәсіптік мерекемен құттықтау сөзімен ашып, медицина қызметкерлері күніне байланысты  Ұлттық Медициналық Ассоцияциясы ҚР халқының өмірі мен денсаулығын сақтауға сіңірген абыройлы еңбегі үшін А.М. Мадибраимованы  Алтын Дәрігер медальімен, Білім және Ғылым министрлігі Жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ы.Алтынсарин» белгісімен Ф.Қ.Жапарқұлованы, Облыстық денсаулық сақтау саласындағы ұзақ жылдар бойы атқарған ерен еңбегі және ұжымның қоғамдық өміріне белсенді атсалысқаны үшін Ұ.М.Ахметованы және  Ж.Р.Алты нбекованы Құрмет грамотасымен,  Болашақ мамандарға білім мен тәрбие берудегі жетістіктері және медицина саласына қосқан қомақты үлесі үшін Қ.Т.Андақұлова, А.М.Даулетов, Э.Ж.Күдебаева, Г.С.Бибосынова, М.Л.Ералиев мақтау қағаздарымен марапатталды. Салтанатты жиын соңында кәсіподақ ұйымының төрайымы Ф.Қ.Жапарқұлова медицина қызметкерлеріне кәсіподақ ұйымы атынан сый-сыяпаттарын табыс етті.

Ақ халатты абзал жандар!

Санаспайтын сағатпен түнгі төрт пе, алты ма

Ас ішпейтін тағатпен асығатын халқына.

Қуаныш нұр шашасың кім жетеді парқына

Дәрігерлер жасасын адал аппақ антына!

Ақ халатты абзал жандар жетелейтін біздерге,

Ақ халатты абзал жандар бақ сыйлайтын ізгелге,

Ақ халатты абзал жандар сенім сыйлар біздерге,

Ақ халатты абзал жандар өмір кілті сіздерде!

Ауру айтып келмейді, ауру өмір жебесі

Көңіл өмір ескегі ем бақыттың кемесі.

Алғысымыз сіздерге ақ халаттың иегесі

Денсаулығы адамның бар байлықтың төресі!

Барлық медицина қызметкерлеріне бақыт, төзімділік пен күш қайрат және отбасыларына береке тілейміз!

                                                                                                                                                                       Колледж ұжымы