Онлайн режимінде №3 ОӘБ кезекті отырысы

29.10.2020 ж. «Фармация» мамандығы бойынша онлайн режимінде №3 ОӘБ кезекті отырысы өткізілді. Күн тәртібінде «Батыс-Қазақстан жоғары медициналық колледжі» «Кредитті-модульды оқыту технологиясы бойынша фармацевттерге білім беруде интерактивті технологияларды қолдану», «Ақтөбе жоғары медициналық колледжі» «Дәрілік заттардың технологиясы» пәні бойынша ашық сабақтың үздік әдістемелік әзірлемесін анықтаудағы сайыстың нәтижелерін қорытындылау», «Шымкент қаласының Жоғарғы медициналық колледжі» әртүрлі сұрақтарды талдау бойынша баяндамаларды ұсынған болатын. ОӘБ онлайн отырысына «Жамбыл жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ КМК директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары К.Т.Андакулова және фармацевтикалық пәндер оқытушылары қатысты.