12 – мамыр Халықаралық мейіргерлер күні

12.05.2020 ж. Колледждің  Тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен 12 – мамыр Халықаралық мейіргерлер күніне орай «Мейіргерлер мейірімді жандар» тақырыбында онлайн құттықтау тәрбие сағаты өтті.

84 жыл тарихы бар Жамбыл жоғары медициналық колледжі орта буын медицина қызметкерлерін дайындау жолында еңбек етуде.

Биыл мейіргер ісін қалаған, қоғамға зор үлесін қосқан Флорен Найтингельдің туылғанына 200 жыл толады.
Осыған орай, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылды Халықаралық мейіргерлер жылы деп жариялады.
Құрметті де, аяулы, мейірімді мейіргерлер! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке, амандық, шипалы қолдарыңызға еңбектеріңіздің жемісін тілейміз.