Құттықтаймыз!

26 сәуір 2020 жылы облыста алғаш рет онлайн пікірсайыс турнирі өтті. Турнир жастар арасында интеллектуалды әлеуетті көтеру және шешендік өнер мен сыни тұрғыдағы ойлауды дамыту мақсатында ұйымдастырылды.
Турнирді ұйымдастырушылар:
• Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» ЖҚБ,
• «Жамбыл – адалдық алаңы», Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті.

Турнирге іріктелген 2 жоғары оқу орны мен 8 техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінен 18 пікірсайысшы қатысты.

Жүлделі І – орынды Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті, «Жас Алаш» пікірсайыс клубының мүшесі ТЕМІРБОЛАТ НАЗЕРКЕ иеленді.

«Үздік талпыныс үшін» номинациясын Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенті Амангелді Ұлжан иеленді.