Хабарландыру

«АЛТЫН САҚА» БАЙҚАУЫ.

     «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ және «Қазақстан Жазушылар одағы»РҚБ«2022 жыл –Балалар жылы» аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен«Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармаларының республикалық байқауын ұйымдастырады.

Байқауға қатысушылар:қазақ әдебиетіне өзіндік үлес қосуды мақсат еткен 18-35 жас аралығындағы қаламгерлер.

Байқауға қатысушылар еркін тақырыпта проза жанрында ертегілер және шағын әңгімелер бағыты бойынша бақ сынайды.

Байқаудың мерзімдері:
– Байқауға қатысушы үміткерлер өздерінің шығармаларын altyn.saqa01@gmail.com, altyn.saqa01@mail.ru, balalarbaikaui@gmail.com электронды пошталарына 2022 жылғы 19 тамызға дейін(қоса алғанда)жеке мәліметтерді толтырып (1-қосымша)жолдауы қажет;

– Байқау шығармалары–2022 жылғы 31 тамызға дейін қазылар алқасының сараптамасынан өтеді;

– Байқау қорытындысы–2022 жылғы қыркүйек айында жарияланады;

– Байқау қорытындысы бойынша 2 бағытта жинақталған барлық шығармалар іріктеліп, жинақ ретінде 2022 жылғы қараша айында басылып шығады.

Жеңімпаздарды маразматику:
Жеңімпаздар екі бағыт бойынша І, ІІ, ІІІжүлделі орындар мен ынталандыру сыйлығымен (номинациялармен) марапатталады. Марапаттау рәсімі 2022 жылғы қыркүйек-қазан айларында өтеді.

Байқау туралы толық ақпаратты www.ruh.kzwww.adebiportal.kz сайттарынан алуға болады.

Байқау туралы сұрақтар бойынша байланыс тел.:
+7 (7272) 261 6295, 272 6193.
Ұялы тел.:
+7 775 846 3705,
+7 702 697 8598,
+7 775 657 7838,
+7 707 133 7899.