10.05.18. –10.08.18. жылы «Массажист» (мемлекеттік негізінде) біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ІІ- ағымдағы мемлекеттік емтихан.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 919 қаулысымен бекітілген  Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының негізінде  10.05.18. –10.08.18. жылы  «Массажист» (мемлекеттік негізінде)  біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудың  ІІ- ағымының бағдарламасы аяқталды.  КМҚК Жамбыл медициналық колледжінің  Б корпусында аймақтық симуляциялық орталықта 10.08.2018  жылы қысқа мерзімді «Массажист» (мемлекеттік негізінде) біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың ІІ- ағымының мемлекеттік емтиханы өтті. Мелекеттік емтиханға КМҚК «Жамбыл медициналық колледжінің»  директоры Сарыбекова Жамиля Нұрғалиқызы, оқу- өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Андакулова Құралай Тілеулесқызы,Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Кабылкулов Нұрлан Оңлыұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «№5 Қалалық емханасы» ШЖҚ МКК дәрігер физиотерапевті  Шиныбаева Жанар Кубежановна және №5 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығының бас мейірбикесі Махамбетова Анар Ахметбековна қабылдады.

«Массажист» (мемлекеттік негізінде)  біліктілігі бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқудың  ІІ- ағымын  11 тыңдаушы  аяқтап, «Массажист» біліктілігін алды.