1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні

28.11.2019 ж.317топ “Емдеу ісі”бөлімі студенттерінің қатысуымен «1желтоқсан– Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күніне»
орай «Елбасы – елдің тұтқасы» тақырыбында колледжішілік ашық тəрбие сағаты өткізілді. Бөлім меңгерушісі: А.М.Мадибраймова, куратор А.Т. Көбегенова. Тəрбиелік мақсаты: Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тəрбиелеу. Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тəрбиелеу.Тəрбие сағатының ашылуы Қазақстан Республикасының Гимнімен басталды. Елбасымызға, Отанымызға, туған елімізге, жерімізге арналған өлең жолдарын үш тілде оқыды. Сондай-ақ, əн-би орындалды. Тəрбие сағаты « Елбасымыздың өмір жолы» тақырыбындағы баяндамасымен жалғасты. Н.Ə.Назарбаев туралы бейнетаспа,«Менің балалық шағымның аспаны» кинофильмінен үзінді көрсетіліп, 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Мəңгілік ел» əнін хормен аяқтады.